Fundraising 2011/Brandon Letter/kk
Pages for translation: [edit status] | |||||||||
Interface messages high priority Translated on Translatewiki. Get started. |
In progress | ||||||||
Banners and LPs (source) high priority |
Ready | ||||||||
Banners 2 (source) high priority |
Ready | ||||||||
Jimmy Letter 002 (source) high priority |
Ready | ||||||||
Jimmy Letter 003 (source) variation of Jimmy Letter 002 |
Ready | ||||||||
Jimmy Letter 004 (source) variation of Jimmy Letter 002 |
Missing | ||||||||
Jimmy Mail (source) variation of Jimmy Letter 002 |
Missing | ||||||||
Brandon Letter (source) | Published | ||||||||
Alan Letter (source) | Published | ||||||||
Kaldari Letter (source) | Missing | ||||||||
Karthik Letter (source) | Missing | ||||||||
Thank You Mail (source) | Missing | ||||||||
Thank You Page (source) | Missing | ||||||||
Problems donating (source) | Missing | ||||||||
Recurring giving (source) | Missing | ||||||||
Sue Thank You (source) | Missing | ||||||||
FAQ (source) low priority |
Missing | ||||||||
Various requests: Mail to past donors · Jimmy quote | |||||||||
Outdated requests:
|
Translation instructions |
---|
If you have any questions or feedback regarding the translation process, please post them here. Translation FAQ |
Қазіргі кезде мен өзімді тек қана Уикипедия үшін өмір сүріп жүрген сияқты сезінемін.
Менің өмірімде Уикипедиядағы жұмысымнан аса маңызды іс болатындығына күмәнданамын. Біз тек қана электронды энциклопедия құруды мақсат етпейміз, біз адамдардың неғұрлым еркін болуына жол ашамыз. Еркін түрде білімге қол жеткізуге мүмкіндік туғанда адамдар өзін жетілдіруге талпынады. Адамдар әлемнің шексіз үлкен екеніне көз жеткізіп, сабырлылыққа үйреніп, бір-бірін түсінуге тырысады.
Уикипедия – бұл әлемдегі қатысушылар саны бойынша бесінші орынды алатын сайт. Уикипедияға жүйелеу жағынан жәрдем көрсететін коммерциялық емес компанияда қызмет атқарамын. Еркіндігімізден айырылып қалмау үшін, сайтта жарнамаға жол бермейміз. Өйткені бұл сайт коммерциялық мақсаттарды көздемейді.
Оқырмандарымыздың ерікті түрдегі жіберетін көмектерінің арқасында жұмысымыз тоқтаусыз жалғасуда. Уикипедияны өркендетіп жетілдіруге сіз де 5 доллар, 20 евро, 750 теңге немесе мүмкіндігіңіз болған сомада көмек бере аласыз ба?
Мен бүгін Уикимедиа қорында қызмет атқарамын және дұрыс бағытты ұстанғаныма сенімдімін. Ірі технологиялық компанияларда жұмыс істеп жүргенімде ақша табуды ғана мақсат ететін шаруаларды жасаумен айналысып, үйге қалжыраған күйде оралатынмын. Қазір олай емес.
Уикимедиа қорында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны өте аз. Көптеген ірі сайт шығаратын компаниялардың мыңнан астам қызметкері бар. Бірақ олардың жасап жатқан жұмысын біз қолда бар құралдармен әлдеқайда сапалы атқарудамыз.
Сіз Уикипедияға қолдау көрсету арқылы әлем бойынша адамдардың еркін түрде білімге қол жеткізуіне атсалысасыз. Балаларыңызға баға жетпес мұра қалдырумен қатар, адамдардың өздерін рухани дамытуына көмек көрсетесіз. Болашақта дүние жүзіндегі әр адам білімге еркін түрде қол жеткізе алатындығына үміт сыйлайсыз.
Рахмет,
Брэндон Харрис
Уикимедиа қорының бағдарламашысы