Fundraising 2011/Jimmy Letter 002/kk
Pages for translation: [edit status] | |||||||||
Interface messages high priority Translated on Translatewiki. Get started. |
In progress | ||||||||
Banners and LPs (source) high priority |
Ready | ||||||||
Banners 2 (source) high priority |
Ready | ||||||||
Jimmy Letter 002 (source) high priority |
Ready | ||||||||
Jimmy Letter 003 (source) variation of Jimmy Letter 002 |
Ready | ||||||||
Jimmy Letter 004 (source) variation of Jimmy Letter 002 |
Missing | ||||||||
Jimmy Mail (source) variation of Jimmy Letter 002 |
Missing | ||||||||
Brandon Letter (source) | Published | ||||||||
Alan Letter (source) | Published | ||||||||
Kaldari Letter (source) | Missing | ||||||||
Karthik Letter (source) | Missing | ||||||||
Thank You Mail (source) | Missing | ||||||||
Thank You Page (source) | Missing | ||||||||
Problems donating (source) | Missing | ||||||||
Recurring giving (source) | Missing | ||||||||
Sue Thank You (source) | Missing | ||||||||
FAQ (source) low priority |
Missing | ||||||||
Various requests: Mail to past donors · Jimmy quote | |||||||||
Outdated requests:
|
Translation instructions |
---|
If you have any questions or feedback regarding the translation process, please post them here. Translation FAQ |
Google-да шамамен миллионға жуық сервер болса, Yahoo-да 13 мыңдай қызметкер жұмыс істейді. Ал бізде 679 сервер бар және 95 қызметкер жұмыс істеп жатыр.
Уикипедия — танымалдығы жөнінен интернеттегі бесінші сайт. Ай сайын миллиардтаған беттер қаралады, 470 миллион адамға қызмет көрсетіледі.
Коммерция — қалыпты дүние. Жарнама да кемшілік болып саналмайды. Алайда Уикипедия мұндай шаралардың орны емес.
Уикипедия — бұл ерекше әлем. Ол — кітапхана немесе қоғамдық саябақ секілді. Ол — ақыл-ойдың кені болған ғибадатхана сияқты. Бұл — ойымыз бен санамызды жаңғыртатын, білім алып, біліктілігімізді арттыратын орын.
Мен негізін қалаған сәтте Уикипедияны жарнамалық ақпараттармен толықтырып, орасан зор пайда әкелетін компания ретінде қалыптастыруыма болар еді, бірақ мен ерекше бір дүние жасағым келді. Біз ұзақ жылдар бойы Уикипедияны тиімді де үнемді қылу бағытында үлкен жігермен үздіксіз жұмыс істедік. Біз өз міндетіміздің үдесінен шығамыз және қаржыны тектен-текке жұмсамаймыз.
Егер осыны оқыған әрбір адам 750 теңге көмек ретінде қияр болса, біз бір күн ішінде жәрдемге қаржы жинау науқанын аяқтаған болар едік. Алайда кез келген адамның көмек бере алмайтындығы аян, ал мүмкіндігі барлардың кейбірінің ғана игі іске бел буатындығы да белгілі. Мұнда ешқандай сөкеттік жоқ. Былай да сый жасағысы келгендердің қатары жыл сайын артып отыр.
Биылғы жылы Уикипедияға қолдау көрсетіп, қорған болу үшін 5 доллар, 20 евро, 750 теңге немесе мүмкіндігі болған сомада жарнамен жәрдем көрсету туралы ойлануыңызды сұраймын.
Рахмет,
Джимми Уэйлс
Уикипедия құрылтайшысы