Украинаның мәдени дипломатия айы 2025
Ukraine's Cultural Diplomacy Month 2025
[Social media: #UCDMonth] • [Link here: ucdm.wikimedia.org.ua]

Уикипедиядағы украин мәдениетін кеңейтуге арналған сайысқа қош келдіңіз!
- Бұл не?: Бұл Уикипедияның мүмкіндігінше көп тілдегі басылымдарында Украинаның мәдениеті мен халқы туралы мақалалар жасау және жақсарту мақсатындағы жазу байқауы. Назар аударатын мақалалардың ұсынылған тізімін челлендж ұйымдастырушылары ұсынды. Ең белсенді қатысушылар сыйлықтар алады.
- Мерзімі: Жазу тапсырмасы 00:01, 14 сәуірдің 2025 (UTC) бастап 23:59, 16 мамырдың 2025 (UTC) дейін өткізіледі.
- Қалай өтеді?: Байқау құрылымы жағынан қарапайым, 4 қадамнан тұрады: жұмыс істеуге арналған мақалаларды таңдаңыз→ Жұмысыңыз үшін ұпай алыңыз → Мүмкіндігінше көп ұпай жинауды мақсат етіңіз → Өз үлесіңіз үшін марапаттау алыңыз!
- Кім қатыса алады?: Кез келген Уикиде есептік жазбасы бар кез келген Уикипедияшы осы науқанның бір бөлігі бола алады. Қатысу үшін Қатысушылар бөлімінде тіркелу қажет.
- Неге: Бұл байқау арқылы біз украин халқы үшін маңызды мәдени құбылыстар туралы мақалаларды жақсартуға және Уикипедиядағы жоғары сапалы ақпаратқа кепілдік беруге үміттенеміз. Байқауды Уикимедиа Украина Украина институты және Украина Сыртқы істер министрлігі бірлесіп ұйымдастырады.
- Бұрынғы науқандар